Қазақстан • 26 Мамыр, 2022

«Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы бастау алды

1038 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елімізде жас қазақстандықтардың тәуелсіздік жылдарында жеткен кәсіби жетістіктерін дәріптеуді мақсат тұтқан «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы бастау алды. Бұл жөнінде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі хабарлады.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы бастау алды

Әлеуметтік жобаны Ақпарат және қоғамдық даму министрлі­гі­нің тапсырысы бойынша «Қазақ­стан­­дық даму қауымдастығы» заң­­­ды тұлғалар бірлестігі жүзеге асы­­ра­ды. Жобаға еліміздің әр өңі­рін­­­дегі жоғары сынып оқушы­ла­ры, колледж­дер мен жоғары оқу орын­дарының студенттері қатыса алады.

«Жоба аясында Тәуелсіздік жыл­дарында жетістікке қол жеткіз­ген қазақстандықтардың қатысуы­мен түрлі форматтағы іс-ша­ралар өткізілетін болады. Әр өңір­де «Дарын» мемлекеттік жас­тар сый­лығы лауреаттарының қаты­суы­­мен нетворкинг және тәжі­рибе алмасу, пікірталас алаң­дары құрылып, шеберлік сынып­тары, семинар-тренингтер ұйым­дасты­рылады», деді «Тәуелсіздік ұрпақтарының» мән-мақсатымен таныстырған жоба менеджері Эльвира Сәрсенәлиева.

Қыркүйекте «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы аясында Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалаларында «Болашақ Қазақстан – менің көзіммен» атты ТEDx конференциясы өтеді.

«Бұл іс-шара аясында жас­тар­дың ең белсенді self made өкіл­­дері мемлекеттің дамуы мен ма­ңыз­ды әлеуметтік мәселелер­ді шешу­ге қа­тысты өз көзқарас­тарын ұсы­нады», деп атап өтті Э.Сәрсенәлиева.

Жоба жетекшісінің айтуынша, әрбір ТEDx конференциядан кейін жастардың бір-бірімен танысуына, тәжірибе алмасуына, олардың бас­тамаларын талқылауға мүмкін­дік беретін нетворкинг кездесулер ұйым­дастырылмақ.

Сондай-ақ «Қазақстандық даму қауымдастығы» ЗТБ Жастар ресурс­тық орталықтарымен бірлесіп, «Шешендік өнер», «Қаржылық сауаттылық», «Тайм менеджмент», «Креативті индустрия», «Блог жүргізу», «Саламатты өмір салты» тақырыптарындағы офлайн шебер­лік сағаттарын өткізбек.

Сонымен қатар жоба ұйымдас­тырушылары қазақстандық талантты жастардың қатысуымен бейнеподкасттарды әзірлейтін болады.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы туралы толық ақпаратты https://www.instagram.com/p/CdcatbPtblv/?igshid= MDJmNzVkMjY сілтеме арқылы алуға болады.