Іс-шара «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі мен «Ұлттық еріктілер желісі» заңды тұлғалар бірлестігінің бастамасымен ұйымдастырылды.
– Референдум өткізудің маңыздылығы қоғамның барлық санаттарына саяси реформаларды жүзеге асыруға қатысуға мүмкіндік береді. Бұл құралды біздің жастарымыз да толық көлемде пайдалануы керек. Жаңа Қазақстан бұл жай ғана ұран емес, бұл жаңа қоғам құру қағидаты, – деп атап өтті «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаев. Ол сондай-ақ Жаңа Қазақстанның әсіресе, жастарға жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын еске салып өтті. Кездесу кезінде Қарағанды облысының жастар ұйымдарының көшбасшылары референдум өткізу және Конституцияға түзету енгізу туралы өз пікірлерімен бөлісті. Жиынға қатысушылар реформаны іске асырудағы жастардың белсенділігі, Жаңа Қазақстандағы өзекті мәселелерді шешу жолдары жайлы ойларын ортаға салып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Сондай-ақ, қатысушылар «Ассамблея жастары» жастар ұйымының #МенРеферендумғаБарамын хэштегін іске қосу туралы бастамасын қолдап, жастарды әлеуметтік желілерде түсіндіру жұмыстарына қосылуға шақырды.
Кездесуге ҚХА мүшесі және жастар ұйымының өңірлік өкілдігінің көшбасшысы А.Урмашов, жастар ұйымдарының және этномәдени бірлестіктердің жастар қанаттарының көшбасшылары да қатысып, еліміздің Конституциясына енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар туралы кеңінен айтып берді.
ҚАРАҒАНДЫ