Оқиғаға тоқталсақ, шымкенттік тұрғын саябақта серуендеп жүріп, полиэтилен пакетіне оралған өзіне тән хош иісі бар, дәріге ұқсас зат тауып алады. Алайда, оны тиісті мекемеге хабарламай, алдағы уақытта тұтыну немесе сату мақсатында өзіне қалдырған.
«Арада уақыт өте жолда белгісіз азаматтармен жанжалдасу барысында Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының учаскелік инспекторы ажыратып, ерегіскен азаматтарды полиция басқармасына жеткізеді.
Ер адамдардың жеке басын анықтау барысында бірінен 32 дана полиэтилен пакетіне оралған өзіне тән хош иісі бар психотропқа ұқсайтын зат анықталып, тәркіленеді. Тиісті сараптама қорытындысымен қалташалардағы заттың салмағы 16 граммға жуық болатын психотропты зат пирролидиновалерофенон екені дәлелденді», делінген келтірген мәліметте.
Аталған дерек бойынша ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен (Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Салтанат Кенжебай