Қоғам • 26 Мамыр, 2022

Зейнетақы төңірегіндегі теңсіздіктер қайтсе жоғалады?

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда ең төменгі зейнетақы мен жәрдемақы стандарттары қайта қаралады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Зейнетақы төңірегіндегі теңсіздіктер қайтсе жоғалады?

«Биыл сәуір айында әлеуметтік сала шығындары қосымша 4%-ға индекстелді. Сонда 40-50 мың теңге көлеміндегі зейнетақы 2 мың теңгеге ғана өссе, 300-400 мың теңгедегі зейнетақы 16 мыңға өскен. Бұл қоғамдағы теңсіздікті қалай азайтпақ? Бұл қаражат ең төмен зейнетақы мен 1 миллионға жуық адамның табысының ең төменгі күнгөріс деңгейін көтеруге қаншалықты мүмкіндік береді? Жалпы, индекстеуден кейін азаматтар төлемдердің өсуін барынша сезіну үшін ең төменгі әлеуметтік стандарттар әдіснамасын қайта қарау министрліктің жоспарында бар ма?», деп сұрады Сенат депутаты Рысқали Әбдікеров министрден.

Өз кезегінде Тамара Дүйсенова зейнетақы және басқа әлеуметтік төлемдерді индексациялау инфляция дәлізіне қарай бюджеттік тәртіппен жасалатынын айтты.

«Ең төменгі зейнетақы, еңбекақы, жәрдемақы жөніндегі сіздің пікіріңізмен толық келісемін. Сондықтан Үкіметтің қазіргі жоспарының ішінде біздің де он шақты жоспарымыз тұр. Ең төменгі зейнетақыдан ең төменгі жәрдемақыға дейінгі стандарттарды қайта қараймыз. Қазір біз ұлттық және халықаралық сарапшыларды шақырып, жұмысты бастадық. Біраз ұсыныстарымызды даярлап жатырмыз. Соның нәтижесінде жұмыс тобы құрылады деп отырмыз. Сол жұмыс тобына өздеріңізді де шақырамыз», деді ол.