2022 жылғы 26 мамырда ОРК-да референдум өткізу барысында азаматтарды ақпараттандыру мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлады ОРК-ның баспасөз қызметі.

Орталық референдум комиссиясында Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен офлайн және онлайн режімде азаматтарды алдағы референдум туралы ақпараттандыру мәселелері жөнінде кеңес өтті.
Отырысқа Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінің, әкімдіктердің, барлық өңірлердің аумақтық комиссияларының басшылығы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров өз кіріспе сөзінде «Референдум туралы» Конституциялық заңға сәйкес референдумды ұйымдастыру мен өткізу ашық әрі жария түрде жүзеге асырылып отырғанын атап өтті. Орталық референдум комиссиясы азаматтарды референдумға әзірлік барысы туралы барынша хабардар етіп келеді.
Төраға комиссияның барлық отырыстары гибридті форматта, яғни офлайн әрі онлайн режімдерде бұқаралық ақпарат құралдарының міндетті түрде қатысуымен өтіп отырғанын атап өтті. Отырыстар ОРК интернет-ресурсы арқылы трансляция арқылы көрсетіліп, сурдоаудармамен қамтамасыз етіліп келеді. Әр отырыстан кейін БАҚ-қа арналған брифингтер өткізілуде, онда журналистердің барлық сұрақтарына толық жауаптар берілуде. Референдумның барлық қаулылары, баспасөз релиздері мен өзге де ақпараттық материалдары комиссияның интернет-ресурсында орналастырылған және барлығына қолжетімді. Ақпараттық-түсіндірмелік бейне, аудиороликтер, интернет-баннерлер, баспа басылымдарына арналған модульдер әзірленіп, республикалық және өңірлік БАҚ-қа таратылып отыр. Осылайша, комиссия тарапынан референдумға дайындық процесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда.
Іс-шарада Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров сөз сөйлеп, Министрлік барлық ақпараттық ресурстарды осы жұмысқа тартып, сондай-ақ ақпараттық алаңға тұрақты мониторинг жүргізіп отырғанын атап өтті. БАҚ-та және әлеуметтік желілер арқылы әр өңір бойынша дауыс беруге арналған учаскені іздеу жөнінде ақпараттық хабарламалар мен графикалық өнімдер таратылғанын атады.
Үгіт жұмыстары кезеңінде 5 мамырдан бастап 499 республикалық және өңірлік БАҚ-қа мониторинг жасалды, олардың 321-і газет, 47-сі телеарна және 131-і интернет-ресурс. 2022 жылғы 26 мамырдағы жағдай бойынша үгіт жұмыстарын бұзу жағдайлары тіркелмеген.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов кеңеске қатысушыларды «ЖСН бойынша дауыс беруге арналған учаскені іздеу» сервисін әзірлеу бойынша ведомствоның атқарған жұмысы туралы хабардар етті. Бұл сервис 3 ақпараттық ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/referendum; https://referendum.gov.kz/; https://referendum2022.gov.kz/
Қазақстан азаматы ЖСН арқылы референдумдағы өз учаскесін таба алады. Учаске болмаған жағдайда, автоматты түрде әкімдіктердің call-орталықтарының тізімдері көрсетіледі. Осы сияқты сервистер Kaspi.kz және Қазақстан Халық банкінің Homebank қосымшаларында жасалынуда. Жақында осы сервис іске қосылады деп күтіліп отыр.
Сондай-ақ облыс әкімдіктерінің өкілдері халыққа дауыс беру учаскелері туралы ақпарат беру бойынша референдум, колл-орталықтардың, Telegram боттардың жұмысы туралы хабардар ету жөнінде атқарып отырған жұмыстары туралы баяндады.
ОРК Төрағасы азаматтардың есептен шығару куәліктері арқылы дауыс беру мәселелеріне ерекше назар аударды.
Нұрлан Әбдіров азамат өзінің тұрғылықты жерін ауыстырған жағдайда ағымдағы жылдың 20 мамырынан бастап 4 маусым сағат 18.00-ге дейін учаскелік комиссияға берген өтініш негізінде есептен шығару куәлігін алуға құқылы екенін атап өтті.
Есептен шығару куәлігін сенімхат негізінде алуға болады. Бұл ретте сенімхатты нотариалды куәландыру міндетті емес. Есептен шығару куәлігін көрсеткен кезде учаскелік комиссия дауыс беру күні азаматты оның келген жері бойынша учаскедегі тізімге енгізеді. Есептен шығару куәлігі бір елді мекен шегіндегі басқа учаскеде дауыс беруге қатысқысы келетін азаматтарға берілмейді.
Жиын соңында Нұрлан Әбдіров дауыс беру күніне аз уақыт қалғанын айтты. Сондықтан азаматтарды алдағы референдум туралы хабардар ету жөніндегі барлық қажетті шараларды күшейту маңызды екенін алға тарта отырып, БАҚ ресурстарын, SMS жіберілімдерді, coll-орталықтардың, әкімдіктер жанындағы Telegram боттардың жұмыстарын қарқындату қажеттігін атап өтті.
ОРК Төрағасы Нұрлан Әбдіров: «Қазақстандықтар азаматтық белсенділік танытып, өздерін тізімде тексеруі, енгізілмеген жағдайда, тіркелген жері бойынша тиісті учаскелік комиссияларға жүгінуі, сондай-ақ өзінің болатын орнын ауыстырған кезде дауыс беру үшін есептен шығару куәліктерін уақтылы алуға тиіс. Республиканың барлық азаматтарына олардың референдумға қатысудағы конституциялық құқықтарын іске асыруға барлық мүмкіндіктерді жасау қажет», деп атап өтті.
Үлестік құрылыс проблемалары қалай шешіледі?
Экономика • Бүгін, 00:57
Үкімет • Бүгін, 00:49
БҰҰ-ның Жаһандық шартына қосылды
Экономика • Бүгін, 00:34
Болашағымызға бейқам қарамайық
Қазақстан • Кеше
Әлеуметтік қойылым ЖИТС құрбандарына арналды
Аймақтар • Кеше
Қазақ сыныбы неге қағажу көре береді?
Білім • Кеше
Үш буынды модель: Тергеу сапасы мен жеделдігі артады
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
«Ағатай, жан қалтаңда құртың бар ма?»
Өнер • Кеше
Әдебиет • Кеше
Түрленген театрдың көрермені көбейді
Театр • Кеше
Иса ақынның сүйіншіге берген домбырасы
Қазақстан • Кеше
Экология • Кеше
Экология • Кеше
Аймақтар • Кеше
Театр • Кеше
Өнер • Кеше
Үш өңірде қуаңшылық болады - Қазгидромет
Ауа райы • Кеше
Елорданың тағы бір көшесінде автобус жолағы пайда болады
Елорда • Кеше
Ереймен жеріндегі ежелгі нысандар
Руханият • Кеше
Журналистерге жүлде жауған күн
Қазақстан • Кеше
Бірнеше өңірде 44-45 градус ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай кең көлемді іс-шара ұйымдастырылады
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Air Astana компаниясын IPO-ға шығару кейінге қалдырылды
Қазақстан • Кеше
Кен игерушілер пайдалы қазбаларды игеру салығынан босатылады
Қазақстан • Кеше
Шілдеде қазақстандықтар қанша күн демалады?
Қоғам • Кеше
Елорда тұрғынынан 40 келі есірткі заты табылды
Қоғам • Кеше
ҚазМұнайГаз акциялары AIX және KASE алаңында IPO-ға шығады
Қазақстан • Кеше
Әділет министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Павлодар облысында қант зауыты іске қосылады
Аймақтар • Кеше
Ұлытау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды
Аймақтар • Кеше
Алматы тұрғындарының саны өсті
Қоғам • Кеше
Жезқазған қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
ШҚО-да «BALKARAGAI TUNES» халықаралық музыка фестивалі өтеді
Аймақтар • Кеше
Павлодарда емханалардың жұмыс тәртібі өзгереді
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар