Референдум-2022 • 27 Мамыр, 2022

Еліміздің табысы – әрбір жастың еншісінде

402 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім және ғылым вице-министрі Айбат Ілиясовтің «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаттарымен онлайн кездесіп, жиынға қатысушылармен бірге Жаңа Қазақстан құрудағы конституциялық реформаның маңыздылығы жөнінде пікір алмасты.

Еліміздің табысы – әрбір жастың еншісінде

Басқосу барысында вице-министр саяси өмірді әртарап­тан­дыруға бағыт­талған консти­туц­иялық ре­фор­ма­лардың халық­ара­лық тә­жіри­бесі туралы әңгімеледі.

Мемлекет басшысының Жаңа Қазақстан құрудағы ауқымды саяси­ реформалар жүргізу жөніндегі бас­та­маларының маңыздылығын атап өткен А.Ілиясов білім беру саласын жетілдіру саласында атқа­рыл­ған жұмыстарға да кеңінен тоқталды. Атап айтқанда, вице-министр жаңа формациядағы мемлекет пен қоғамды құрудағы заман талабына сай білімдері мен дағдылары бар «Болашақ» сти­пен­диат­тарының негізгі рөлін ерекше атап өтті.

«Еліміздің табысты болашағын қа­лыптастыруға, оған белсенді қа­ты­суға әрбір жастың мүмкіндігі бар. Ұсынылған реформалардың маңыздылығын ескере отырып, ел тағдырына бейжай қарамайтын әрбір жастың референдумға қаты­сып, Жаңа Қазақстанды қалып­тас­тыр­уға өз үлесін қосады деп санаймын», деді А.Ілиясов.

Кездесу барысында «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары шетелдік мемлекеттердің саяси реформалары мен стратегиялық даму бағдарламаларының үздік тәжірибесін, жетістікке жету мен өзек­тілікті қамтамасыз ету үшін жер­гілікті жағдайларға бейім­дел­уін талқыға салып, осыған қатысты өз көзқарастарымен бө­лісті.

АҚШ, Еуропа және Азия елдерінің үздік университеттерінен 30-дан астам «Болашақ» бағ­дар­­ламасының стипендиаты қа­тыс­қан басқосу барысында Жаңа Қазақстан – жалпы ел бола­ша­ғы­ның бейнесі, қоғамдық құн­ды­лықтарды жаңарту, ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру тө­ңі­ре­гінде де ой-пікірлер айтыл­ды.

Кездесу соңында жастар Мем­лекет басшысының Консти­ту­ция­ға өзгертулер мен то­лық­ты­­­рулар енгізу жөнін­дегі ұсы­ны­сын бірауыздан қолдай­тын­дық­­тарын айтып, респуб­ли­ка­лық ре­­ферендумға белсенді қаты­са­ты­нын мәлімдеді.