Мүсіндердің авторы – белгілі қазақ мүсіншісі Ерболат Төлепбай. Оларды алтын мен күмісті араластыра отырып, қола мен алюминийден құйған.
«Бұл өнер туындыларының символдық мәні зор. Жас сарбаздың тұлғасынан халқымыздың өрлігі мен батылдығын тануға болады. Ал баласын құшақтап тұрған ана бейнесі бейбітшілікті, жасампаздықты және өмірдің жалғасатынын білдіреді», делінген хабарламада.