18 Сәуір, 2014

Несиелендіруді бастады

207 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес компаниясы – Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры – «Егінжай» бағдарламасы бойынша агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне көктемгі дала жұмыстарына несиелер бере бастады. Бағдарлама 2010 жылы ашылып, шағын жер телімдері бар фермерлік шаруашылықтар, шаруа қожалықтары, жеке азаматтарды қол­дауға бағытталған. Үш жылдың ішінде Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры 2,7 млрд. теңгеге 1 мыңнан астам жобаны өз қара­жатынан қаржыландырды. Сонымен қатар, тартылған қаражаттан мақта өсіретін ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне «Ырыс» шағын несие ұйымы арқылы 1 млрд. теңге бөлінді. АӨК субъектілерін қолдау келесі талаптармен жүзеге асырылуда: несиенің сомасы 6 млн. теңгеге дейін болса, жылдық сыйақы үстемесі – 9,5%, тиімді сыйақы үстемесі 10,2%-ға дейін. Несиені қайтару екі астықты сатудан кейін қарастырылған, бұл ауылшаруашылық тауар өндірушілері үшін өте маңызды жеңілдік. Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы шаруалар жақын арада егіс науқанын бастауға дайын. Қордың Оңтүстік Қазақстан филиалы «Егінжай» бағдарламасы бойынша наурыздың бірінші күндері 8,5 млн. теңгеге 2 жобаны қаржыландырып, тағы 2 өтінімді қарастыруда. Ағымдағы жылы облыста көктемгі-дала және күзгі жиын-терім жұмыстарына 50 млн. теңге бағытталады деп жоспарланды. Жалпы, 2014 жылы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры тарапынан көктемгі-дала және күзгі жиын-терім жұмыстарына 1,6 млрд. теңге бөлінеді деп жоспарланған. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы – «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіретін мамандандырылған қаржы-несие­лік ұйым болып табылады. Қазақстан Рес­пуб­ликасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар. Қордың негізгі міндеті – қаржылық қызметтер мен ресурстарға ауыл тұрғындарының қолжетімділігін арттыру. «Егемен-ақпарат».