Ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, бұдан былай тек «Омикрон» мен
«Дельта» мониторингі жалғасады. «Жақында «Омикрон» сызықтары VOC-LUM бөлек санатына бөлінді. Бұл әртүрлі мутациялар жиынтығы бар «Омикрон» ішіндегі көптеген сызықтардың кең таралуына, тұрақты берілуіне және пайда болуына байланысты. Бұл нұсқа әлемде басым және айналымдағы қоздырғыштардың 98%-ын құрайды», деп жазды ведомстводан.
Жапония COVID-19 пандемиясының басталуынан бері алғаш рет туристерге шекараларын ашты, бірақ коронавирустың таралуын болдырмау үшін ел қонақтары үнемі бетперде киюге мәжбүр болады.
Бұл туралы Премьер-Министр Фумио Кисида мәлімдеді. Ол шетелдік туристер бетперде кию талаптарын қатаң сақтау керек екенін атап өтті, сонымен қатар бұл талаптың орындалуын туристік гидтер бақылауда ұстайтын болады.