18 Сәуір, 2014

Арзандатылған бағамен бөлінеді

226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Биылғы жылдың көктемінде қазақстандық аграршыларға көктемгі егіс науқаны жұмыстарына 360 мың тонна арзандатылған жанар-жағармай бөлінетін болады. Мұнай және газ министрлігі Ауыл шаруашылығы министр­лігімен бірлесе отырып, 2011 жыл­ғы 20 шілдедегі №463 IV «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» заң негізінде 2014 жылғы көктемгі егіс науқаны жұмыстарына жанар-жағармай жеткізу бойынша мұнай өндіру зауыттарын облыстарға бекіту туралы кестені бекітті. Наурыз айынан мамырға дейін ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерге бір тоннасы үшін 98 312 теңге бағамен 360 мың тонна арзандатылған жанар-жағармай бөлінетін болады. Ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерге арзандатылған жанар-жағармайды жеткізу заңнамалық деңгейде бекітілген, ал оны  тиеу-түсіру бойынша тәулік сайын мониторинг жүргізу министрліктің бақылауында. «Егемен-ақпарат».