Экология • 30 Мамыр, 2022

Көкжайлауды қоқыстан тазартты

249 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда Көкжайлау аумағында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Қоғамдық шараны ұйымдастырушылар – «Kaz Eco Patrol» РҚБ табиғатты қорғау ұйымдары мен Табиғат эко қоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясы.

Көкжайлауды қоқыстан тазартты

Ұйымдастырушылар сен­білік өтетін орын кездейсоқ таң­далмағанын айтады. Көкжай­лаудың танымалдылығы аймақ­тың экожүйелерінің жағдайына кері әсер етті.

Қоғамдық іс-шараны ұйымдас­тыр­ған ынталы топтың бірі Kaz Eco Patrol-дің өкілі Алек­сандра Адверса­ның баян­дауынша, Көкжайлауға деген алма­ты­лықтардың ықыласы ерекше. Содан кейін биылғы сенбілік бары­сында алматылықтарда эко­ло­гиялық және тазалық мәде­ниетінің қалыптасып қал­ғаны айқын көрінді. Сенбілік нәтижесі көрсеткендей, қоқыс қалдықтары алдыңғы жылдар­мен салыстырғанда аз шығарылды. Бұл – жағымды жаңалық. Деген­мен сенбілікке қатысушылар аялдамаға дейін 10 шақты қап қоқыс жинаған. Табиғатқа шығатын алматылықтар арасында темекі тартқанды ұнататындар да көп екен. С.Адверса айтып өткендей, Көкжайлау бағы­тын бетке алған тазалық сақшы­лары – «Просвещенец» демалыс үйі, екінші топ – «Алма-Ара­сан» демалыс бағытындағы тау шат­қалда­рын тазалап, Көкжайлауда кездесті. Таратып айтқанда, екі бағытты бетке алған демалыс сақшылары «Кездесу орны – Көкжайлау» деген ұстанымға басымдық берді.

Ағаштарды қураған бұта­ғынан тазартып, жол бойындағы орындықтарды, жол белгілерін тазалап, бояп, ретке келтірді. Жастардың айтуынша, бұл сенбілік бұрынғыдан өзгеше. Се­бебі олар жиналған қоқыс арасынан пластиктер­ді бөліп алып, қалдықтарды қайта өң­деу­ге өткізген. С.Адверсе сөз арасында ­жаз-күз маусымында мұндай сенбіліктерді жиі өткізу тек экология­лық жағынан емес, экономикалық жа­ғы­нан да тиімді екенін атап өтті. Се­бебі жылдағыдай тау шатқалдарынан жиыл­ған қоқыс қалдықтарының 80 пайызы – ПЭТ бөтелкелері.