Қайғылы оқиға 29 мамырда Тобыл өзеніндегі ескі жағажайда болған.
«Кезінде Рудный құтқару станциясы осында орналасқан. Бұл жер біраз жылдар бойы шомылуға жабдықталмаған. Бірақ адамдар әлі де осында демалуды жалғастырады», делінген ақпаратта.
Сүңгуірлер қыздың денесін сол күні сағат 19:00 шамасында тапты.