Спорт • 30 Мамыр, 2022

Чемпиондар лигасы: «Реалдың» қанша табыс тапқаны белгілі болды

513 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Испаниялық Marca басылымы Чемпиондар лигасына қатысқан клубтардың қанша қаражат тапқанын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Чемпиондар лигасы: «Реалдың» қанша табыс тапқаны белгілі болды

Басылым ұсынған ақпаратқа сәйкес, Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) 2021/22 маусымдағы үш маңызды турнирге қатысқан клубтарға 2,7 миллиард еуро бөлген. Аталған соманың 2,03 миллиард еуросы Чемпиондар лигасы мен УЕФА Суперкубогына қатысқан клубтарға берілетіні хабарланды.

Еуропа лигасының қатысушылары 465 миллион еуро, ал Конференция лигасының қатысушылары 235 миллион еуро алады. Ал Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өнер көрсеткен клубтарға 15,64 млн еуро бөлінген. Әрбір жеңіс үшін 2,8 млн еуро, ал тең ойын үшін 930 мың еуро төленбек. 1/8 финалға жолдама алғандарға 9,6 млн еуро, 1/4 финал қатысушыларына 10,6 млн еуро, 1/2 финалға шыққандарға 12,5 млн еуро, финалдағы қос ұжымға 15,5 млн еуро беріледі.

Жалпы алғанда Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанған «Реал» 123,8 млн еуро көлемінде сыйақыға ие болып отыр.

Аружан Амангелді