Індеттің таралуымен күресу үшін кәсіпкер «жаһандық эпидемияға қарсы әрекет және жұмылдыру командасын» құруды ұсынды. Билл Гейтстің пайымынша, оларды «өрт сөндірушілер сияқты шақыруға болады». Сонымен қатар ол қазір таралып жатқан маймылшешек ауруын аса қауіпті деп санамайтынын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Билл Гейтс коронавирус пандемиясы 2022 жылы аяқталады деп болжаған еді. Дегенмен ол халықты бетперде тағуға, адам көп жиналатын орындардан аулақ болуға, коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға шақырған болатын.
Аружан Амангелді