«2022 жылғы 28 сәуірде құрылыс-монтаждау жұмыстары кезінде (бас мердігер «Intex contract» ЖШС) QY25 маркалы автомобиль краны «Көркем Тауэр» тұрғын үй кешенінің 6-қабатындағы пәтердің терезесін сындырған болатын. «Стройкласс-Механизация» ЖШС барлық мүдделі тараппен бірге комиссия құрды. Комиссия, оқыс оқиғаның автомобиль кранының жүк көтергіш шектегіші мен жебе ұзындығының сенсоры жұмыс істемегендіктен болғанын анықтады», деді Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің баспасөз қызметінен.
Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері кранның иесін қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 298-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.