Референдум • 30 Мамыр, 2022

Референдум: Германияда екі сайлау учаскесі ашылады

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германияда референдум кезінде екі сайлау учаскесі ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Референдум: Германияда екі сайлау учаскесі ашылады

Бұл елде маусымның 5-і күні 2 сайлау учаскесі ашылады. Оның бірі Берлиндегі Қазақстан елшілігінде болса, екіншісі Майндағы Франкфурт қаласындағы бас консулдық. Германиядағы отандастарымызға консулдық бөлімінің қызметкерлері референдум өтетіні жайлы хабар таратқан. Бүгінге дейін 200-ден аса азамат дауыс беретінін растаған. Ата заңымызға өзгертулер енгізу бойынша референдумға Германия аумағында жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар, студенттер және дипломаттар мен олардың отбасы мүшелері қатысады.

«Референдумға дайындық жүргізген кезде біздің консулдық бөлімдер бүкіл Германияда қазіргі таңда жүрген қазақстандық азаматтарға ақпарат беріп, елшіліктің бас консулдық сайттарында, әлеуметтік желілерде, парақшаларында хабармалар жарияладық. Германияда жүрген Қазақстанның 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие азаматтар қатыса алады. Біз ауқымды жұмыс өткіздік. Осыған байланысты қазіргі тізімде бізде екі жүзден аса, үш жүзге баратындай Қазақстан азаматы тіркелген. Олар жексенбі күні келіп, өз дауыстарын береді деп ойлаймыз», деді №247-ші сайлау учаскесі комиссиясының төрағасы Шолпан Шынасылова.

Аяна Тоғанбек