Экономика • 30 Мамыр, 2022

Жастарды жұмыспен қамту бойынша жаңа жоба іске қосылды

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ және Eurasian Resources Group компаниялар тобымен бірлесіп «Жастарды жұмысқа орналастыру» бірлескен жобасын іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жастарды жұмыспен қамту бойынша жаңа жоба іске қосылды

Жоба аясында 35 жасқа дейінгі 10 мың жасқа жұмыс орындарын ұсыну жоспарланған. 2022 жылдың мамыр айынан бастап «Enbek.kz» электрондық еңбек биржасында кез келген адам ERG компаниялар тобынан жұмыс таба алады.

«Enbek.kz» порталының басты бетінде баннер орналасқан, оны басу арқылы жұмыс іздеушілер ERG тобындағы компаниялардың HR-қызметтері орналастырған бос жұмыс орындарының тізімімен таныса алады.

Жоба іске қосылғаннан бері әртүрлі мамандықтар бойынша 346 бос жұмыс орны орналастырылды. Олардың арасында техникалық немесе медициналық біліктілікті қажет ететін және арнайы білімі жоқ адамдарға арналған бос жұмыс орындары да бар.

ERG 28 жылдан бері табысты жұмыс тәжірибесі бар, табиғи ресурстарды өндіру мен өңдеу саласындағы жетекші компаниялардың қатарында. ERG құрамына «Қазхром» Трансұлттық компаниясы» АҚ, «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ, «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, «Еуроазиялық энергетикалық корпорация» АҚ, «Еуразия» Медициналық орталығы» ЖШС және басқа да ірі кәсіпорындар кіреді.

Аружан Амангельды

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25