18 Сәуір, 2014

Құқық қорғау мәселелері сөз болды

210 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа арнаған Жолдауында: «Барлық құқық қорғау жүйесі жұмысының сапасын арттыру қажет. Зор өкілеттілік пен құқық иеленген шенділер мінсіз мінез-құлқымен және жоғары кәсіби деңгейімен ерекшеленуге тиіс. Заң алдындағы теңдік құқық тәртібінің шынайы негізі болуға тиіс», деп ерекше атап өтті. Бұл орайда адамдардың құқын қорғау, заңдылықты, қоғамдық тәртіпті сақтау ішкі істер органдарының бірден-бір міндеті болып табылады. Міне, осы орайда кеше Астана қаласының Ішкі істер департаментінде Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия мүшелерінің Ішкі істер департаментінің басшылығымен және қызметкерлерімен кездесуі өтті. Онда, жоғарыда айтқаны­мыз­дай, Астана қалалық Ішкі істер де­парта­ментінің заңдылықты және аза­мат­тардың конституциялық құқық­тарын қамтамасыз етудегі қызметі талқыланды. Елордалық полицейлер алдын­да Адам құқықтары жөніндегі комиссия  төрағасы Қуаныш Сұлтанов, Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев мемлекеттің, билік өкілдерінің, оның ішінде тәртіпті сақтау барысындағы полиция қызметкерлерінің міндеттері мен адам құқықтарын сақтау жөнінде сөз сөйледі. Қ. Сұлтанов елордалық полицейлерге айрықша міндет пен жауапкершілік жүктелетінін, өйткені халықаралық, мемлекеттік маңызды мәселелер осы Астанада өтетінін айтып өтті. Соған орай қоғамдық тәртіп пен халықтың құқын қорғауда елордалық полицейлердің рөлі зор екенін, билікке деген барлық сенімнің бастауы олардың заңды іс-әрекеттерінен бастау алатынын жеткізді. Демек, елордалық полиция қызметкерлері басқаларына үлгі болатындай, тек жағымды жағынан ғана көрінуі қажеттігін айтты.  Бұдан кейін Астана қалалық Ішкі істер департаментінің бастығы Амантай Әубәкіров заңдылықты және азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз етудегі қызметі жөнінде баяндама жасады. Кездесуге қатысушылар мемлекеттің халықаралық беделін нығайту және ұлттық заңнама мен құқық қолдану тәжірибесін одан әрі жетілдіру үшін Қазақстан ратификациялаған адам құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық құқықтық актілердің маңызын атап өтті. Кездесу соңында Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшелері мен сарапшылар полиция қызметкерлерінің қойған сұрақтарына жауап қайтарды. Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан».
Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20