БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Дариға Мәжитованың айтуынша, Бәйтерек ауданы Трекин ауылындағы православ зиратындағы ескерткіш белгілерді қиратқан 1 және 2-сынып оқушылары болып шыққан.
«Қазір олардың саны нақтыланып жатыр. Балаларға қатысты мәселе кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияда қаралады», деді Дариға Мәжитова.
Айта кетейік, БҚО-да белгісіз біреулер бейіттегі ескерткіш белгілерді қиратып кеткен болған. Олар барлығы 14 белгіні қиратып, бүлдірген.
Гүлдана Елубай