18 Сәуір, 2014

Жолаушылар сұранысына орай

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында үстіміздегі жылдың 2 маусымынан бас­тап №79/80 «Астана - Шымкент» бағытындағы жолаушылар пойызын сапарға аттандыратыны жайлы хабарлады. Пойыз құрамы «Тұлпар-Тальго» ЖШС зау­ытында құрастырылған жүрдек вагондардан жа­сақталады. Пойыз 22 вагоннан тұрады, оның 3-еуі «Биз­нес», 3-еуі «Гранд», 12-сі «Турист», 1 вагон рес­торан, 1 вагон-бар және 2 тех­никалық вагон. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-тың  баспасөз қызметі  хабарлады.