Аймақтар • 31 Мамыр, 2022

Ел дамуының жаңа кезеңі

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин Маңғыстау өңіріндегі сапары барысында теміржолшылармен кездесті.

Ел дамуының жаңа кезеңі

Депутаттың айтуынша, жүрегі елім, жерім, халқым деп соғатын әрбір азамат конституциялық өзгерістерді талқылауға белсене араласып, референдумға қаты­сып, өз таңдауын жасауы керек.

Теміржолшылар өздерін толғандырған сұрақтарды алға тартып, Ата Заңға енгізі­летін өзгерістердің жекелеген баптары бойынша ортақ пікірлерін айтты.

Осы күні Мәжіліс депутаты Әлия Әбсе­метова Жамбыл ауданы Ақсеңгір ауылы­ның тұрғындарымен кездесті.

Депутаттың пікірінше, референдум өт­кізу  – халыққа деген сенімнің, азаматтарды мем­лекеттік басқару ісіне кеңі­нен тарту­дың айқын белгісі. Өз кезегін­де Ақсеңгір ауыл­дық округі ақсақалдар кеңесінің төраға­сы Тұрсынғали Сарыбаев Қазақ­станның болашағын айқындайтын, ойымызды ашық жеткізуге мүмкіндік беретін референдумды толық қолдаймыз деген пікір білдірді.

Сондай-ақ Мәжіліс депутаты Дмитрий Колода осы күні Солтүстік Қазақстан облы­сы­­на барып, Петропавл қаласында зауыт жұ­мыс­шылармен кездесіп, Конс­титуциялық реформа төңіре­гінде мазмұнды әңгіме өрбітті.

С.Киров атындағы зауыт – көне кәсіп­орын­дардың бірі. Заманауи техникалық құралдарды өндіреді. Кәсіпорында 500 адам еңбек етеді, олар консти­ту­ция­лық түзету­лермен толық­тай танысқандарын және қолдай­тындарын айтып, референдумға қызығушылық танытты.

Аймақтарға сапар барысында депутаттар референдум Қазақстан дамуының жаңа кезеңіндегі тарихи оқиға екенін айтып, ел тұрғындарын белсене қатысуға шақырды.