Қазақстан • 31 Мамыр, 2022

Алматылықтар саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

1348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы тұрғындары саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды.  Қала басшысы Ерболат Досаев та 1931-33 жылдардағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

482

Іс-шараға саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының туыстары мен жақындары, мәдениет қайраткерлері, қоғам өкілдері қатысты. Нөсер жаңбырға қарамастан, еске алу күні рәсіміне қаланың 100-ден астам тұрғыны жиналды. Олар қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

45

Еске алу шарасы барысында жазушы Смағұл Елубай, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі Хангелді Әбжанов, кинорежиссер Геннадий Земель сөз сөйледі. Еске алу шарасына қатысушылар қайғылы оқиғаларды есте сақтап, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті.

1278

Айта кетейік, бұл күндері Алматыда түрлі естелік іс-шаралар, соның ішінде дөңгелек үстел форматындағы конференциялар, тарихи-ағартушылық дәрістер, театрландырылған қойылымдар, кітапханаларда фото және кітап көрмелері, жастардың зиялы қауым өкілдерімен кездесулері және т. б. өтуде.