Оқиға • 31 Мамыр, 2022

13 жастағы жоғалған қыз Шымкенттен табылды

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мақтааралдық полицейлер 13 жастағы жоғалған қызды Шымкенттен тапты,  деп хабарлайды Egemen.kz.

13 жастағы жоғалған қыз Шымкенттен табылды

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне оқушы қыздың анасы жүгінген. Оның айтуынша, кәмелетке толмаған қызы үйден таңғы сағат 08:00 шамасында шығып кеткен. Ол мектепке кітап өткізуге кетіп, қайта оралмаған. Өзі іздеп таппаған соң полицейлерден көмек сұраған. Осы жайтты естіген бойда полицейлер жедел оқиға орнына жеткен. Олар тез арада іздестіру жұмыстарын жүргізіп, көрген-білгендерден жауап алған.

Ақпарат көздері арқылы оқушының Шымкент бағытына белгісіз көлікке мініп кеткені анықталған. Ал тәртіп сақшылары жасөспірімнің дін-аман табылуы үшін іздестіруді Шымкентте жалғастырған.

Полицейлер екі күн бойы тыңғылықты жұмыс атқарған. Нәтижесінде, 13 жастағы қызды Шымкентте қыдырып жүрген жерінен тапқан. Қыздың кетіп қалуына үйдегі жанжал себеп болған.

«Аудандық полиция қызметкерлеріне қызымның жоғалғанын айтып, тауып беруін сұраған едім. Олар кәмелет жасына толмаған қызымды Шымкент қаласында жүрген жерінен тауып берді»,  дейді табылған қыздың анасы.

Гүлдана Елубай