18 Сәуір, 2014

«Жұлдыздар отбасы» журналы Конституция талаптарын өрескіл бұзды

801 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

00-00-anyz_adam-1

Бүгін, 18 сәуір күні Байланыс  және ақпарат агенттігі «Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам» журналының сәуір айында шыққан нөміріне байланысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады. «Журналдың мазмұнында Қазақстан Республикасының Конституциясы мен  заңнамасын бұзушылық, атап айтқанда, әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік  немесе діни араздықты қоздыру (ҚР Қылмыстық кодексінің164-бабы) белгілері  бар. Аталған факті бойынша агенттік тиісті  шаралар қабылдауда», делінген хабарламада. Баспасөз қызметінің мәліметінше, басылымының сәуір айындағы номерінің көп бөлігі Адольф Гитлер тұлғасының жан-жақты қырларын және фашистік идеологияны ақтап алуға арналған. Атап айтқанда, «Гитлер фашист емес» деген тақырыппен шыққан материалдарда журналист Нағашыбай Есмырза  ұлтшыл-социалистердің көшбасшысын ақтап қана қоймай, сонымен бірге, мәтін ашық түрде ксенофобиялық сипатта берілген. «Майн кампф - бұл кітап не туралы?» деген тақырыптағы басқа материалда авторлар Гитлер кітабын талқылайды. Журнал Жарылқап Қалыбайдың редакторлығымен шығарылған. Құрыш Нұрымбет. Дереккөз: Байланыс және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.