Әлем • 31 Мамыр, 2022

Ливия жағалауында 294 мигрант құтқарылды

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ливия жағалауында ағаш және резеңке қайықтарға отырып, құрлыққа жете алмаған үш жүзге жуық адам құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ливия жағалауында 294 мигрант құтқарылды

Босқындарды Ocean Viking халықаралық гуманитарлық кемесінің еріктілері құтқарды.

Мигранттардың арасында 49 бала мен 8 айлық сәбиі бар әйел де болған. Олар Сицилия аралына жеткізілді. Италияның Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша еуропаға жыл басынан бері теңіз арқылы 19 мыңдай босқын келген.

– Ұзақ уақыт теңізде жүріп қалған бұл адамдар түрлі жарақат алған. Қазір шұғыл медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Олар көп қиындық көрген, Жерорта теңізінде ағаш және резеңке қайықтарға отырып, 10 күн бойы құрлыққа жете алмай әбден қажыған, – дейді байланыс қызметінің офицері Кандида Лопес.

Гүлдана Елубай