Аймақтар • 31 Мамыр, 2022

Ақтөбенің білім беру ұйымдарына мина қойылды деген хабар тарады

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық полиция департаментінің электронды поштасына білім беру мекемелеріне жарылғыш заттар қойылғаны жөнінде жалған хабарлар келіп түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбенің білім беру ұйымдарына мина қойылды деген хабар тарады

Оқиға орнына барлық шұғыл қызметтер мен саперлер тобы шығып, ғимараттардан жарылғыш құрылғылардың бар-жоғын тексерді. 

«БҚММУ, МБА студенттері, оқытушылары мен техникалық қызметкерлері эвакуацияланды. Жұбанов университеті мен М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында жарылғыш заттар табылған жоқ», делінген облыстық ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Полиция қызметкерлері анонимді хабарламалардың авторын анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізуде.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 273-бабы «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл баптың санкциясы 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.