18 Сәуір, 2014

Украина қауіпсіздік қызметі Януковичтің ұлына іздеу жариялады

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

00-00-anukovich-1

Украинаның қауіпсіздік қызметі Виктор Януковичтің ұлы – Александрға іздеу жариялады. ИТАР-ТАСС тілшісінің хабарлауынша, бұл туралы ақпарат елдің ішкі істер министрлігінің сайтына салынып қойылған. Хабарламада Александр Януковичтің қызметтік жалғандыққа ұрынып, өтірік құжаттар дайындағаны, сондай-ақ жалған құжаттар таратқаны айтылады. Ал аталған істер бойынша санкцияларда екі жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Киевте Украинаның бұрынғы президентінің өзіне қарсы да бірнеше қылмыстық іс қозғалып отыр. 3 сәуірде қауіпсіздік қызметінің басшысы Валентин Наливайченко Украина бас прокуратурасының Виктор Януковичті ұстап, сотқа әкелу жөнінде ордер бергенін айтты. Бұрынғы президентке қарсы қылмыстық іс 28 наурыз күні көтерілді. Ол «Украинаның әр аймағының елдің құрамында болуы жөнінде жеке референдум өткізуге шақырғаны үшін» қозғалды. Мұхтар Низам. Мәнбе, рәсім: ИТАР-ТАСС.