ЕҚЫҰ төрағасы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі реформалар бөлігіндегі күн тәртібі Парламентті күшейтуге мүмкіндік беретінін мәлімдеді.
«Біз Қазақстанды ЕҚЫҰ бағдарламасының біздің ұйымы мен офисі ұсына алатын барлық нәрсені, ресурстарды, білімді сіздің өршіл саяси реформаларыңызды жүзеге асыруда толық көлемде пайдалануға шақырғымыз келеді», деді Збигнев Рау.
Ерлан Қошанов ЕҚЫҰ төрағасының сапары Қазақстан үшін маңызды саяси оқиға – референдум қарсаңында өтіп жатқанын атап өтті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен ЕҚЫҰ-ның өзара іс-қимылының, екіжақты Қазақстан-Польша қатынастарының, оның ішінде екі ел парламенттері арасындағы қарым-қатынастың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.
ЕҚЫҰ Төрағасы өткен ғасырдың 30-шы жылдарындағы саяси қуғын-сүргін кезінде Қазақстанға жер аударылған ондаған мың поляктардың баспанасы мен қолдауы үшін қазақ халқына алғыс айтты. Сондай-ақ ол Қазақстанда тұратын этникалық поляктардың поляк мәдениеті мен тілін үйренуіне барлық жағдай жасалғаны үшін алғыс білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар барлық деңгейдегі ынтымақтастықты кеңейту туралы келісті.