Әлем • 01 Маусым, 2022

Мексикада «Агата» дауылынан қайтыс болғандар саны 11-ге жетті

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстіктегі Оаксака штатында «Агата» дауылы су тасқыны мен лай көшкінін тудырды, нәтижесінде кемінде 11 адам қаза тауып, 20 адам із-түзсіз жоғалып кетті деп хабарлайды Egemen.kz.

Мексикада «Агата» дауылынан қайтыс болғандар саны 11-ге жетті

Губернатор Александро Мурат өзендердің арнасынан асып, үйлердегі адамдарды ағызып кеткенін, ал басқа құрбандардың лай мен тастардың астында қалғанын айтты.

Бұл дауыл тарихтағы ең күшті дауыл ретінде енді. Ол дүйсенбі күні түстен кейін Оаксакадағы шағын жағажай қалалары мен балықшылар ауылдарының аз қоныстанған бөлігіне соқты.

Сейсенбіде дауыл солтүстік-шығысқа қарай Веракрус штатына көшті.

А. Мурат жағалауға жақын орналасқан кейбір елді мекендерде электр қуатының қалпына келтірілгенін, бірақ кейбір көпірлерді су шайып, көшкіндердің бірқатар тас жолды жауып тастағанын айтты. Жағалаудан бірнеше миль жерде орналасқан Сан-Исидро-дель-Пальмарды қала арқылы ағып жатқан Тонамака өзені басып қалды.

Тонамеканың лай суы тоқтап тұрған көліктер мен жергілікті көліктерге арналған шағын автобустардың терезелеріне дейін жетті.



Гүлдана Елубай