19 Сәуір, 2014

Отырыста қаралатын мәселе көп

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мәжіліс Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалы­ғымен палата бюросы өтті. Онда депутаттардың алда­ғы жалпы отырысында қаралатын мәселелер нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Қылмыстық-атқару кодексі депутаттардың талқылауына екінші оқылымға шығарылады. Жалпы отырыста «Инно­ва­циялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы заң жобасы ілеспе түзетулерімен екінші оқылымда қаралады. Палатаның күн тәртібіне Қа­зақстан-Ресей аралық әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесін құру туралы келісімді ратификациялайтын заң жобасы да енгізілді. Осы күні депутаттар мақта саласын дамыту мәселелері бойынша, пошта байланысы саласындағы заңнамасының нормаларын Дүниежүзілік пошта одағы актілерінің нормаларымен біріздендіру және пошта операторларының қызметін реттеу мәселелері бойынша түзетулер және «Қылмыстық әрекеттен түскен табыстарды жылыстату, анықтау, алып қою және тәркілеу туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу мезгілін нақтылайтын болады. Алда болатын жалпы оты­рыстың күн тәртібіне депу­тат­тардың аймақтарға шығып сайлаушылармен кездесуі жайлы мәселе де қосылған.