Жасыратыны жоқ, бүгінде дуальді оқыту деген не, оның қандай пайдасы бар екенін түсінбей жүрген жандар да жоқ емес. Дуальді жүйенің негізі – оқушыны оқу орны мен өндірісте қатар оқыту. Яғни, оқушы тек кітаптан оқып-тоқи бермей, өндірісте сол білімін іс-тәжірибе ретінде сынап көруі қажет.
Әйтсе де, дәл қазір техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары арасында осы дуальді оқытуға байланысты бірқатар мәселелер бар екені жасырын емес. Мысалыға, оқушыны өз мамандығының қыр-сырына үйрететін шаруашылық кәсіпорындар дуальді жүйеге өтіп, оқу орындарымен бірлесіп жұмыс істеуге қаншалықты құлықты? Сосын өндірістік іс-тәжірибе сабақтарын кім өткізеді, мұғалімдер ме, жоқ, сол кәсіпорынның мамандары ма? Міне, бұл жерде еліміздің Білім және ғылым министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бірлесіп жұмыс істеп, көп мәселені дұрыс жолға қоя білуі қажет.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Дуальді кәсіптік білім беруді дамытудың маңызы зор. Бұқаралық маман кадрларының жетіспеушілігін еңсеруге мүмкіндік беретін заманауи қолданбалы біліктілік орталықтары қажет» деп, бұл жүйені кеңінен енгізуге нақты тапсырмалар жүктеген болатын. Жақында Құлан ауыл шаруашылығы колледжінде осы іске серпін берген бір игілікті тірліктің куәсі болдық. Бұрын бұл оқу орнының агрономия мамандығы бойынша білім алып жатқан оқушылары өндірістік іс-тәжірибені түрлі шаруашылықтарда өткізетін. Жасыратыны жоқ, күздің, қыстың суық күндерінде оқушылардың кабинетте кітапқа шұқиғаннан басқа амалы жоқ еді. Енді, міне, колледж өз ғимараттарының жанынан жылыжай ашып, дуальді жүйеге қол жеткізіп отыр. «Өткен жылы облыстық білім басқармасы біздің колледжге 25 миллион теңге бөлген болатын. Бұл қаржыға интерактивті тақта, бейнекамералар, техника және ветеринарлық лабораториялық жабдықтар алынды. Және 4 миллион теңгеге 4 соттық жылыжай аштық. Бұл жылыжай оқушыларымызды дуальді жүйеде оқыту үшін өте тиімді болып тұр. Агроном мамандығында оқып жатқан жастар осы кешеннен үлкен тәжірибе жинақтайды. Бұл жалған ұран, науқаншылдық үшін емес, оқушылардың біліктілігін көтеру үшін жасалып отырған шаруа», дейді бұл жөнінде колледж директоры Жұмагүл Бүкірова.
Иә, шынында қазір жылыжайдың жапырағы жайқалып, алғашқы өнім жиналып жатыр екен. Осы колледждің студенті Әйгерім Болатханова 4 соттық жерде 4 айдан бері еңбектеніп, мол өнім алудың жолдарына түрлі зерттеу жасағандарын айтады. «Осы уақыт ішінде оқушылар талай тәжірибе жасап, көп нәрсеге қанықты. Қиярдың қандай түрін егу керек, ыстық-суыққа төзімді ме, өнімді қалай береді, қандай топыраққа отырғызу керек, міне, осы мәселеге жастар асқан қызығушылық танытты. Олар осы жылыжайдан үйренген тәжірибесін шаруашылықтарда да кеңінен пайдаланады деген ойдамын» дейді ол.
Жалпы, бүгінде Жамбыл облысында 51 кәсіптік-техникалық колледж бар болса, соның 11-і 19 мамандық бойынша түрлі кәсіпорындармен 123 келісімшарт жасасыпты. Яғни, дуальді жүйе Жамбыл жерінде жүзеге аса бастады деген сөз.
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан».
Жамбыл облысы.

Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48
Түркияда мектепке шабуыл жасамақ болған топ ұсталды
Әлем • Бүгін, 12:32
Соңғы үш айда құқықбұзушылық саны 15,1 пайызға азайды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:10
Ұлттық кітап күніне орай өңірлерде қандай іс-шаралар өтеді?
Қоғам • Бүгін, 11:58
Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 11:38
SMS-бластер мен дипфейк: Бас прокуратура 18 жаңа киберқауіпті анықтады
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:22
2050 жылға қарай елімізде кемінде үш АЭС салынады
Энергетика • Бүгін, 11:00
АҚШ Ресей мұнайына қатысты санкциялық жеңілдіктерді 16 мамырға дейін ұзартты
Әлем • Бүгін, 10:41
Үсік жүріп, дауыл тұрады: 18 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 10:21
Елена Рыбакина Штутгарт турнирінің жартылай финалына жолдама алды
Теннис • Бүгін, 10:09
Астанада өрттен зардап шеккен әйелдің жағдайы белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 09:45
«Атырау» футбол клубының жаңа иесі анықталды
Футбол • Бүгін, 09:24
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:07
Лионель Месси Испаниядағы футбол клубын сатып алды
Футбол • Кеше