Облыстық көркемсурет музейінде Майса Ықыласова, Татьяна Чевтаева, Жанетта Наурузова, Ольга Ловина сияқты суретші әйелдердің туындыларына арналған «Көктем келді, жанға жылу беріп...» атты көрме өтті.
Көрме залында киіз, кескіндеме туындылары, эмаль, түрлі металдардан жасалған көз жауын алардай әшекей бұйымдар қойылыпты. Көркемсурет музейінің қызметкері, өнертанушы Майя Бүгібайқызының айтуынша, әрине, шығармашылық адамдарына, олардың қатарында суретшілерге, әсіресе, суретші әйелдерге көктемнің келуі шабыт әкелері сөзсіз. Қиялдары қалықтап, жан дүниелері сезімге, махаббатқа бөленер шақ қой. Сондықтан да, көрмедегі туындылар өмір көктемін көз алдыңызға әкеледі. Өнертанушы Майя Бүгібайқызы айтқандай, көрмені аралап көрген сәтте күнделікті өмірдің қым-қуыт мазасыз тірлігінен алыстап, бір демалып қаласыз. Жанға қуат берер рухани өмірдің маңайымыздан алыстап бара жатқан орнын музейлер, көрме залдары толтырып отырғаны да бір ғанибет. Көрмені қызықтап келушілер өте көп. Суретші әйелдер демекші, мысалы Майса Ықыласова қазақтың төл өнері – киіз басу дәстүрі бойынша жасалынған туындыларын көрсетті. Жалпы, көрмеге қатысушы павлодарлықтарға танымал суретші әйелдердің қай-қайсысы болсын – Майса Ықыласова, Татьяна Чевтаева, Жанетта Наурузова, Ольга Ловиналар өзіндік шығармашылық ерекшеліктерімен көрінді. Суретші Майса Ықыласова Мұқағали поэзиясын қылқаламның ұшымен бейнелеп, лирикалық сарында танылып жүрген суретші. Ақынның «Жапырақ жүрек жас қайың», «Ғашықпын», «Поэзия менімен егіз бе едің?» өлеңдеріне арнап ғажап суреттер салды. Жастайынан Мұқағали жырын жата жастана оқыған дарын иесі өсе келе бойындағы суретшілік өнерін поэзиямен ұштастырды.
Көрмеге жүнмен бейнелеген «Наурызша», «Торайғыр көлі», «Күн шуағына шомылған түз» атты туындылары қойылды. Майса Шымкент қаласындағы Әбілхан Қастеев атындағы көркемсурет училищесін, Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының «Сценография» бөлімі бойынша бітірсе, зергер Ольга Ловина – Красносельск (Ресей) металды көркемдеу училищесін, кескіндемеші Жанетта Алматыдағы Гоголь атындағы көркемсурет училищесінің, Татьяна Петровна Орал (Нижний Тагил) қолданбалы өнер училищесінің түлектері, Жанеттаның «Қарындастар», «Желмен», «Сыған бақыты», «Күздің аяқталуы», Татьянаның «Жастық шақ қиялдары», «Қысқы таң», «Жазғы сарын» атты суреттері жұртты психологиялық толғанысымен, асқақ идеялық сипатымен қызықтырды. Ал, Ольга Ловинаның «Солтүстік жел», «Гүлдер» атты тана моншағы, «Гайавата» мойыналқасы, «Наурыз» атты әшекей бұйымдар топтамасы шебердің қиял жүйріктігін, ой тереңдігін көрсетті. Облыстық көркемсурет музейіндегі суретші әйелдер көрмесіндегі туындылардан тек қана жылылық, тазалық, сұлулық, махаббат лебі есіп тұрды. Иә, нәзік жаратылыс иелерінің жүрек сырымен түрленген даламыздағы қырмызы лебізден қылқалам сазы тебірене ескендей.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан».
ПАВЛОДАР.

Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48
Түркияда мектепке шабуыл жасамақ болған топ ұсталды
Әлем • Бүгін, 12:32
Соңғы үш айда құқықбұзушылық саны 15,1 пайызға азайды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:10
Ұлттық кітап күніне орай өңірлерде қандай іс-шаралар өтеді?
Қоғам • Бүгін, 11:58
Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 11:38
SMS-бластер мен дипфейк: Бас прокуратура 18 жаңа киберқауіпті анықтады
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:22
2050 жылға қарай елімізде кемінде үш АЭС салынады
Энергетика • Бүгін, 11:00
АҚШ Ресей мұнайына қатысты санкциялық жеңілдіктерді 16 мамырға дейін ұзартты
Әлем • Бүгін, 10:41
Үсік жүріп, дауыл тұрады: 18 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 10:21
Елена Рыбакина Штутгарт турнирінің жартылай финалына жолдама алды
Теннис • Бүгін, 10:09
Астанада өрттен зардап шеккен әйелдің жағдайы белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 09:45
«Атырау» футбол клубының жаңа иесі анықталды
Футбол • Бүгін, 09:24
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:07
Лионель Месси Испаниядағы футбол клубын сатып алды
Футбол • Кеше