Жоғарыда аты аталған жерлестеріміз Tom Brown (TGB Promotions) ұйымдастыратын бокс кешінің андеркардында шаршы алаңға шығады. Ал осы кештің басты айқасында америкалық Стивен Фултон мен Даниэль Роман екінші жеңіл салмақта WBC және WBO белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді.
Айта кетейік, аталған жекпе-жек кеші төрт отандасымыздың да АҚШ-тағы алғашқы айқасы болмақ. Бұған дейін Бек Нұрмағанбет пен Евгений Павлов Қазақстаннан бөлек, Ресей мен Беларусь шаршы алаңдарында өнер көрсеткен. Абылайхан Жүсіпов 2020 жылы Ақтауда өткен кәсіпқой бокс кешінде бақ сынап, жеңіске жеткен болса, бұл Әбілхан Аманқұлдың кәсіпқой бокстағы дебюттік жекпе-жегі болмақ.