19 Сәуір, 2014

Көкпектіге көкпектіліктерден көмек

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қарағандының тасқыннан зардап шеккен Көкпекті ауылына шығысқазақстандықтардың «Көмек керуені» жөнелтілді. Көкпектіліктерге көмек ре­тінде азық-түлік, киім-кешек пен құрылыс материалдарынан бөлек 300 бас ұсақ мал үлестірілді. Өңір басшысы Бердібек Са­парбаев «Табиғаттан зардап шеккен көршілерімізге көмек қолын созу – біздің парызымыз. Бізде де су жайылған кезде қарағандылықтар көмегін аяп қалмағанын жақсы білесіздер» деген еді. Керуенді құру кезінде апаттан зардап шеккен Көкпекті ауылы тұрғындарының барлық қажеттіліктері алдын-ала зерт­теліп, есепке алынды. Аталған керуенді тасқынға ұшыраған елді мекенмен аттас Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының әкімі Дүйсенғазы Мусин бастап барды. Айта кетелік, осыдан төрт жыл бұрын бұл аудан да тасқынмен бетпе-бет келіп, табиғи апат салдарын түкпір-түкпірден жеткен көмектің арқасында еңсерген еді. Көкпекті жұртының бас­паналарын қалпына келтіру мақсатында шығыс­қазақ­стан­дық­тар зардап шегушілерге 15 жүк машиналарына тиелген 20 тонна ұн, бидай, жарма, картоп пен күнбағыс майы, 300 бас ұсақ мал, 25 текше метр тақтай, 20 тонна цемент жет­кізді. 2,5 млн. теңгенің төсек жабдықтары мен жуыну-жуу заттары да көкпектіліктерге көмек ретінде ұсынылды. Ке­руеншілер сондай-ақ кәсіп­кер­лер мен шаруа қожа­лық­тарының жетекшілері тарапынан бөлінген 2 миллион теңге қаражатты табыс етті. Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан». Шығыс Қазақстан облысы.