Аймақтар • 02 Маусым, 2022

Жалған банк қызметкері ақтөбелік тұрғынды 22 млн теңгеге алдап кетті

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

60 жастағы ақтөбелік тұрғын жалған банк қызметкеріне 22 млн теңгесін беріп қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жалған банк қызметкері ақтөбелік тұрғынды 22 млн теңгеге алдап кетті

30 мамыр күні әйел адамға банк қызметкері ретінде ер адам қоңырау шалған. Алаяқ мұндай операция банк жүйесінде қалыпты екенін айтып, шотты қауіпсіздендіру үшін телефонға келген SMS-хабарламадағы кодты айтуын сұрайды. Кодты алғаннан кейін алаяқ бүкіл ақшаны жәбірленушінің картасынан басқа банктік шотқа аударып алған. Жалпы шығын 22 млн теңгеден асты.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлімімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицейлер күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында іс-шаралар жүргізіп жатыр.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті алаяқтық жағдайларының алдын алу үшін ешкімге, тіпті банк қызметкеріне де жеке шоттары мен карталарына қатысты SMS-код және басқа да дербес ақпаратты айтуға болмайтынын ескертеді.

Аяна Тоғанбек