«1 маусымда «Семей орманы» МОТР аумағында, Жаңасемей филиалында, Подгороднее орман шаруашылығында басталған өрт 2 маусымда сағат 11.00-де оқшауланды. Өртті сөндіруге ШҚО ТЖ департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың, ТЖМ № 68303 әскери бөлімінің орманшылары мен күштері, жалпы саны 399 адам мен 85 техника жұмылдырылды», делінген хабарламада.
Қатты жел өртті ауыздықтауға қиындық туғызғаны айтылды. Өрттің алдын ала себебі - найзағай. Өрттің жалпы ауданы шамамен 200-250 гектар болған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.