Аймақтар • 02 Маусым, 2022

Ғалымжан Ниязовты үйқамақта ұстау мерзімі ұзартылды

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязовты үйқамақта ұстау мерзімі 24 маусымға дейін ұзарды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметінің өкілі айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ғалымжан Ниязовты үйқамақта ұстау мерзімі ұзартылды

Сотта Ниязовты үйқамақта ұстау мерзімі ұзарғаны айтылды.

«Ақтау мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязовқа қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы 2022 жылғы 24 мамырдан 24 маусымға дейін ұзарды», делінген хабарламада.

Айта кетейік, Ғалымжан Ниязов Ақтау қалалық мамандандырылған тергеу сотының 17 сәуірдегі, 27 сәуірдегі және 17 мамырдағы заңды күшіне енген қаулылары бойынша 24 мамырда жұмысқа оралған еді. Сонымен қатар әкім орынбасарының лауазымында қалуы сот шешіміне байланысты екені айтылды. Ол бір аптадан кейін өзгерді.

Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязовтың қамауға алынғаны хабарланған болатын. Кейінірек үйқамаққа алынғаны айтылды. 24 мамырда ақпанда қамауға алынған әкімінің орынбасары жұмысқа шыққаны белгілі болды. 

 

Гүлдана Елубай