ҚМА мәліметінше, Түркістан облысы бойынша ҚМА аумақтық департаментінің қызметкерлері жалған есепке алу-бақылау таңбаларын қолданып алкоголь өнімін шығаратын 2 цех қызметін тоқтатқан.
«Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан және Шымкент қалаларында жалға алынған қоймаларда антисанитария жағдайында суррогат алкоголь өнімін өндіретін 2 жерасты цехы ұйымдастырылғаны анықталды», делінген хабарламада.