Әлем • 02 Маусым, 2022

Қытайда жер сілкініп, 4 адам қайтыс болды

1 мин
оқу үшін

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясының Яань қаласында жер сілкінісі болды. Оқиға салдарынан 4 адам көз жұмып, 14 адам жарақаттанды, деп хабарлайды Egemen.kz «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап.

Қытайда жер сілкініп, 4 адам қайтыс болды

Бұл туралы апат салдарын жою жөніндегі қалалық штаб мәлім етті.

Жер асты дүмпулерінің магнитудасы 6,1, ал эпиорталығы 17 шақырым тереңдікте болған. Артынша қатарынан бірнеше мәрте афтершок тіркелген.

Ғимараттардың көбі қирап, қалада іздеу-құтқару жұмыстары басталды.

2008 жылы осы Сычуань аймағында орын алған жер сілкінісі саладрынан 90 мың адам қайтыс болған.

Соңғы жаңалықтар

Берлинде бас қосқандар

Таным • Бүгін, 11:18

Ұшақ қонатын күн алыс емес

Аймақтар • Бүгін, 11:17

Жалғыздықты жеңген мейірім

Аймақтар • Бүгін, 11:14

Елдос татамиге оралады

Спорт • Бүгін, 11:08

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 11:05