Референдум • 03 Маусым, 2022

Орталық референдум комиссиясына 524 өтініш түсті

168 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орталық референдум комиссиясына азаматтардан 524 өтініш түсті. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Орталық референдум комиссиясына 524 өтініш түсті

«5 мамыр күні референдум жарияланған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін Орталық референдум комиссиясына жеке және заңды тұлғалардан 524 өтініш келіп түсті. Өтініштер 4 арна арқылы келді: «Қазпошта» АҚ, электрондық үкімет порталы, Орталық референдум комиссиясы электрондық поштасы және қолма-қол. Келіп түскен өтініштердің сипаты келесідей бөлінді: 500 өтініш немесе 95 пайызы мазмұны бойынша бірдей және дауыс беруші тұлғалардың тізімдерін қалыптастыру кезінде өздерінің дербес деректерін кері қайтарып алу мәселелеріне қатысты; 9-ы БАҚ сұрауы немесе 1,7 пайызы референдумды ұйымдастыру мәселелері бойынша ақпарат беру туралы; қоғамдық бірлестіктердің 7 өтініші немесе 1,4 пайызы байқаушы немесе өкіл ретінде қатысу мүмкіндігі туралы сұрау салуы; 8-і немесе 1,3 пайызы басқа мәселелер», деді ол Орталық сайлау комиссиясының отырысында.

Оның дерегінше, келіп түскен өтініштердің 15-іне белгіленген мерзімде толық жауап берілді. 500-і Орталық референдум комиссиясының құзыретіне кірмейтіндіктен заңда белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдарға жіберілді. 9 өтініш қаралуда. Орындалмаған өтініштер жоқ.

«Аумақтық референдум комиссияларына 35 өтініш келіп түсті. Олардың жартысынан көбі немесе 23-і Алматы қаласының аумақтық референдум комиссиясына және 9-ы Ақтөбе облысының аумақтық референдум комиссиясына келіп түсті. Ақмола, Атырау, Павлодар облыстарынан - 1, Қостанай облысынан - 3, Солтүстік Қазақстан облысынан – 4 және Шымкент қаласынан 2 өтініш бар. Негізінен бұл өтініштер референдумға дайындық тәртібі мен дауыс берушілердің тізіміне қатысты. Сонымен қатар Астана, Алматы, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында бірде-бір өтініш жоқ», деді А.Смағұлов.

Аяна Тоғанбек