«Бүгін тарихи күн. Ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жалпыхалықтық референдумда дауыс бердім. Осылайша азаматтық парызымды орындап, еліміздің одан әрі дамуы үшін өз дауысымды бердім. Бүгін сайлау учаскелерінде жұмыс істейтіндердің бәріне алғыс білдіремін», деп жазды елорда әкімі.
Айта кетейік, бүгін елімізде Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулер бойынша жалпыұлттық референдум өтіп жатыр.