Референдум-2022 • 05 Маусым, 2022

Қариялар қатардан қалмауда

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар педагогикалық университетінде орналасқан №18 сайлау учаскесінде дауыс беру науқаны қызу. Алғашқылардың бірі болып 80 жастағы Жаңыл Зейнуллина өз таңдауын жасады, деп жазады Egemen.kz.

Қариялар қатардан қалмауда

Әрдайым мемлекеттік маңызы бар шаралардың басы-қасынан табылатын қария референдумға атүсті қарамауға шақырды.

– Бүгін барша Қазақстан халқы үшін маңызды күн. Тарихи кезеңдердің бірі десе де болады. Отандастар Ата заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу үшін дауыс беруде. Осылайша, Жаңа Қазақстанды құруға батыл қадам жасауда. Мен де қатардан табылып, саяси науқанға өз үлесімді қосудамын, – дейді зейнеткер. 

Ал 18 жастағы Шыңғыс Аязбаев өмірінде алғаш рет қолына сайлау бюллетенін ұстап, дауыс берудің жауапкершілігін сезінгенін айтты. Жаңыл әже ақ батасын беріп, Отанымызға тыныштық, халқымызға бірлік-береке тіледі.

Павлодар облысы