Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі №807 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі мен Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы қосу жолымен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі болып қайта ұйымдастырылды.
Осы Жарлықпен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері қайта құру жолымен ішкі істер органдарының бірегей жүйесіне кіретін Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы болып қайта ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Ә.Т. Садықұловты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметіне тағайындау туралы
Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2014 жылғы 21 сәуір. № 810
Хроника
Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұхтар Ақатұлы Аюбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының қолбасшысы қызметінен босатылды.
* * *
Мемлекет басшысының Өкімдерімен:
Ардақ Әшімбекұлы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы қызметіне тағайындалды, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылды;
Мұхтар Ақатұлы Аюбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары қызметіне тағайындалды;
Қанат Орынтайұлы Оразқұлов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары қызметіне тағайындалды, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылды;
Ермек Елеуханұлы Үкібаев Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы қолбасшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды;
Айдарбек Мұстажапұлы Абдулов Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы қолбасшысының орынбасары қызметінен босатылды.