22 Сәуір, 2014

Ақпараттар ағыны

210 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
● Алматылықтар Қазақ­стан халқының бірлігі кү­нін веложарыспен атап өте­ді. Сәуірдің 26-сында ұйым­дас­тырылатын шара сондай-ақ маусымның ашылуына арналады. Мәреге алдымен жеткендерге естелік сыйлықтар мен сый-сыяпаттар тапсырылады. ● Шығыс Қазақстан облысында «Болашақтың энергия­сы» жобасы конкурсының қорытындысы шықты. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ермек Көшербаевтың басқаруындағы комиссия 86 жобаны таңдап алды. Олардың арасынан 21 аталым бойынша жеңімпаздар анықталды. ● Солтүстік Қазақстанда биыл жастар тәжірибесіне 1,6 млн. теңге қаржы бөлінді.  Жастар ісі жөніндегі басқарма басшысы В.Молодовскийдің айтуынша, аймақта үстіміздегі жылы 53 әлеуметтік маңызды жобаны іске асыру жоспарланса, олардың 12-сін жастар саясаты жөніндегі басқарма жүзеге асырады. ● Павлодарда Шәкен Аймановтың 100 жылдығына арналған кино апталығы бас­талды. Облыс орталығында осыған орай 21-25 сәуір күндері  «Тақиялы періште», «Жамбыл», «Атаманның ақыры» сияқты фильмдер көрсетіледі. Апталықтың жабылуында Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында киноконцерт өтеді. Оған отандық кино өнерінің танымал тұлғалары қатысады. ● Қарағанды облысындағы Көкпекті тұрғындарына көмек ретінде 90 млн. тең­ге жиналды. Облыс әкі­мінің баспасөз қызметі хабар­ла­ғандай, қазір 330 отбасына гу­ма­ни­тарлық жәрдем беріл­ген. Тағы 14 отбасы жатақха­наға орна­лас­тырылған. Сол сияқты 2 от­ба­сыға уақытша пәтер ұсы­нылған. ● Оңтүстік Қазақстанда бір күн ішінде 1600-ден астам көшет отырғызылды. Орман күніне орай «Сайрам-Өгем» ұлттық табиғи паркінің 4 гектарлық аумағы жеміс ағаштарының өскіндерімен толықты. Шараға орман қоры жеріне іргелес жатқан ауыл азаматтары мен мектеп оқушылары, ұлттық парк қызметкерлері қатысты. ● Қостанай облысының ішкі істер саласына бірден 114 офицер мен сержант қызметке алынды. Осылайша облыста тәртіп сақшылары кадрлық қызметкерлерінің тапшылығы бес есеге азайды. Жалпы, үміткерлер арасынан 600 адам талапқа сай келмегендіктен, өтпей қалды. Департамент баспасөз қызметінде атап өткендей, кезектен тыс аттес­таттаудан кейін жергілікті құқықтық тәртіп органдарында кадрлар жетіспеушілігі 500-ден астам бірлікті құраған. ● Жайық-Каспий бас­сей­нінің су айдынында 230 кг қортпа балығы ұсталды. Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің бас­пасөз қызметі мәлім еткендей, аймақта  «Бекіре-2014» акция­сы басталғалы бері жалпы сал­мағы 1112 кг құраған 33 бекіре тұқымдас балық ауланды. BNews.kz, Alau.kz, Altaynews.kz, Egemen.kz ақпарлары, облыстық әкімдіктер сайттары бойынша дайындалды.