Референдум • 05 Маусым, 2022

Қазақстандықтардың азаматтық белсінділігі жоғары – ҰҚШҰ

829 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Парламенттік Ассаммблеясының (ҰҚШҰ ПА) өкілдері қазақстандықтардың референдумдағы белсенділігін жоғары бағалады. 

Қазақстандықтардың азаматтық белсінділігі жоғары – ҰҚШҰ

«Конституциялық референдумды бақылауға келген Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Парламенттік Ассаммблеясының өкілдері екі топқа бөлініп, негізгі бөлігі Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істеп жатыр. Сол сияқты Алматы қаласында да ұйым өкілі халықарылық миссиясын атқарып жатқанын айта кетейік.

Таңертең біздің топ «Астана Опера» театрында орналасқан сайлау учаскесіне келіп, өздеріне жүктелген міндетті атқаруға кірісті. Бірден байқалғаны, референдумның ұйымдастырылу деңгейі өте жоғары. Халықтың мемлекетшілдік ұстанымын көрдік. Яғни, қазақстандықтардың саяси процеске қатысуы өте белсенді.

Күннің алғашқы бөлігінде егде жастағы азаматтардың көп келгені байқалды. Десе де сағат 11:00-ден кейін жастардың қарасы біртіндеп көбейді.

Сайлау учаскелерін аралау барысында осы процестің жоғары деңгейде өтуіне тәжірибелі мамандар тартылғанына куә болдық.

Ұйымның атынан айтқымыз келетіні, біз 10-ға жуық сайлау учаскесін аралап, қандай да бір нормалар мен ережелердің бұзылғанын байқаған жоқпыз. Дауыс беру процесі барлық талапқа сәйкес өткізіліп жатыр», деді халықаралық ұйымның атынан келген топтың үйлестірушісі Барот Баротзода