Телеграм арналарының бірінде тарап жүрген бейнежазба бүгін республикалық референдум барысында түсірілгені айтылды. Stopfake.kz бұл жалған ақпарат екенін растады.
«Шын мәнінде, бұл видео 2009 жылы Қырғызстандағы президенттік сайлау кезінде түсірілген. Оны желіден тауып, көруге болады. Қолданушылардың жазуынша, заң бұзушылық Бақай ата ауданындағы №6071 учаскеде жасалған», делінген ақпаратты тексерушілер каналында.