«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, астана уақытымен сағат 18.00-де өңірлердегі азаматтардың келуі мынадай: Ақмола облысы – 69,07, Ақтөбе облысы – 55,09, Алматы облысы – 68,1, Атырау облысы – 62,45, Батыс Қазақстан облысы – 65,49, Жамбыл облысы – 68,1, Қарағанды облысы – 73,31, Қостанай облысы – 71,07, Қызылорда облысы – 75,02, Маңғыстау облысы – 59,14, Павлодар облысы – 72,88, Солтүстік Қазақстан облысы – 73,12, Түркістан облысы – 78,24, Шығыс Қазақстан облысы – 72,76, Нұр-Сұлтан қаласы – 53,87, Алматы қаласы – 29,82, Шымкент қаласы – 69,55 пайыз. Жалпы, республика бойынша 7 624 641 азамат бюллетень алды. Бұл - тізімге енгізілген азаматтардың 65,04 пайызы», деді Шавхат Өтемісов.
Орталық референдум комиссиясы ел тұрғындарының сайлау учаскелеріне келуіне қатысты келесі деректі сағат 20.00-де ұсынады.