Референдум • 05 Маусым, 2022

Қарағанды облысында сайлаушылардың 77%-ы дауыс берген

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысында референдумға қатысу көрсеткішінің алдын ала қорытындысы шықты, деп жазады Egemen.kz аймақтық референдум комиссиясының мәліметіне сүйеніп. 

Қарағанды облысында сайлаушылардың 77%-ы дауыс берген

Ұсынған дерекке сәйкес, 5 маусым сағат 22:00-дегі жағдай бойынша тізімге енген азаматтардың 77,39 пайызы бюллетень алған. Шет ауданының тұрғындары жоғары белсенділік танытты – дауыс бергендердің үлесі 87,1% құраған.

Еске салсақ, Қарағанды облысында 777 учаске жұмыс істеді. Референдумға 880 мың қатысушы тіркелді. Дауыс беру процесін партиялар мен қоғамдық бірлестік бақылаушылары қадағалан еді.