Тіркелген 11,7 миллионға жуық сайлаушы Орталық Азиядағы мемлекеттің Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мақұлдайды немесе мақұлдамайды. Бұл ел тарихында дауысқа салынған екінші конституциялық реформа.
1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық дауыс беру арқылы қабылданған қазіргі Конституцияның үштен бір бөлігі өзгертіледі. Тоқаевтың 16 наурыздағы халыққа Жолдауында айтылған реформа елге басқарудың жаңа үлгісін енгізуді және «Жаңа Қазақстан» немесе «Екінші республика» деп аталатын жаңа дәуірді бастауды көздейді.
Құжатқа сәйкес, жаңа Конституцияда Қазақстандағы жер, табиғи байлық халықтың меншігінде екені анық айтылады. Сондай-ақ реформалар құқық қорғау органдары мен қарулы күштердің басшылары мен қызметкерлеріне саяси партияларға кіруге тыйым салады.
Тағы бір маңызды өзгеріс – Конституциялық Кеңесті реформалау. Яғни Конституциялық Сот 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істей бастайды. Парламент құзыреті кеңейеді. Ал президент әкімдерді тағайындамас бұрын жергілікті мәслихаттың мақұлдауын алуы керек. Парламентке Президент тағайындайтын депутаттардың саны да түзетулер бойынша 15-тен 10-ға дейін қысқарады, ал заң қабылдау құқығы тек төменгі палатаға беріледі.