Әлем • 06 Маусым, 2022

Қазақстанда референдум өтіп жатыр

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жексенбіде Қазақстанда конституциялық референдумда дауыс беру басталды.

Қазақстанда референдум өтіп жатыр

Ол таңғы сағат 7:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. Ел аумағында 10 мыңнан астам дауыс беру учаскесі ашылған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев наурыз айында халыққа Жолдауында конституциялық реформалар ұсынып, Қазақстанды суперпрезиденттік жүйеден күшті парламенті бар президенттік жүйеге ауысатынын мәлімдеді.